Шымкентте ұлан сарбаздары төбелеске балтамен шыққан адамды ұстады
2022 жылғы 12 маусым 16:29

Шымкентте ұлан сарбаздары төбелеске балтамен шыққан адамды ұстады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкентте Ұлттық ұлан сарбаздары біреуге балта сілтеп, өлтіремін деп қорқытқан жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Шымкент қаласының «Шығыс» шағын ауданында болған. Патрульдік қызмет кезінде әскери жасақ екі адамның жанжалдасып жатқанын байқайды. Жандарына жақындаған кезде біреуі екіншісіне балтамен ұмтылған.

«Біз патрульдік бағытты айналып өтіп, екі тұрғынның қоғамдық тыныштықты бұзып жатқанын байқадық. Жанжал күшейіп, қақтығыс қайғылы оқиғаға ұласып кете жаздады. Араласуға тура келді», - дейді патрульдік топтың бастығы, аға лейтенант Оразхан Орынбасар.

Тәртіп бұзушылар Еңбекші аудандық полиция бөліміне жеткізілген.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT