Шымкентте ұландықтар адамды өлімнен арашалап қалды
2022 жылғы 10 маусым 22:24

Шымкентте ұландықтар адамды өлімнен арашалап қалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Ұлттық ұланның жауынгерлері өзіне-өзі қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарып қалды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

9 маусым күні қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметтерін атқарып жүрген Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімінің сарбаздары бөлімге қайту үшін жиналып жатқан кезде «Көмектесіңдер!» деген әйел адамның дауысын естиді. Дауыс шыққан жаққа жөнелген сарбаздар белгісіз азаматтың өз үйінің ауласында ағашқа асылып тұрғанын байқайды.

«Қызмет аяқталған кез еді. Сағат 23.25 шамаларында әйел адамның көмекке шақырып жатқан дауысын естідік. Ойланбастан дауыс шығып жатқан жаққа бір жасақ боп барған кезіміз еді, асылып тұрған азаматты көріп, оны шешіп алдық», – дейді бөлімнің қатардағы сарбазы Артем Ивушкин.

Сарбаздар алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң, ер азамат есін жиған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, тұрғын дәрігерлерге тапсырылған.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT