Шымкентте жалған полицей ұсталды
2022 жылғы 15 маусым 09:39

Шымкентте жалған полицей ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы полиция депратаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жергілікті тұрғын полиция озбырлығының құрбаны болғаны туралы арызданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азаматшаның айтуынша, бейтаныс адам өзін әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі ретінде таныстырып, оны құқықбұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қоямын деп қорқытқан. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін «Полицей» әйелден ай сайын 80 мың теңге көлемінде ақша беруді талап еткен.

«Жедел-іздестіру жұмыстары барысында Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ер адамды ақша алу үстінде ұстады. Тексеру кезінде ұсталған адамның полицияға ешқандай қатысы жоқ және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет маманы екендігі анықталды.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп жазды Шымкент қаласы полиция департаментінен.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT