Синоптиктер 14 өңірде ескерту жариялады
2022 жылғы 25 маусым 22:10

Синоптиктер 14 өңірде ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 26 маусымда күн райының бұзылуынан бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласында желдің екпіні 20 м/с дейін жетіп, күн күркірейді.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз өңірдің басым бөлігінде 35-39 градусқа дейінгі қатты ыстық сақталады.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Өңірдің басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

Түнде Ақмола облысында найзағай, бұршақ, дауылды жел болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Абай облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15 м/с жетеді.

Күндіз Алматы облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с құрайды. Күндіз 37 градус қатты ыстық сақталады.

Күндіз Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 37 градус қатты ыстық сақталады.

ТүндеҚостанай облысының батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысында 40-44 градус қатты ыстық сақталады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Павлодар облысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз 35-37 градус ыстық сақталады. Батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысының орталығында, оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, жел соғады. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз 26-27 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Таңертең және күндіз өңірдің батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с артады. Күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады - бейсенбіге арналған ауа райы
2022 жылғы 11 тамыз 01:38

Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады - бейсенбіге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 11 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Соған байланысты жаңбыр жауады, еліміздің шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарда қатты жаңбыр болып, найзағай, екпінді жел күтіледі. Күндізгі сағаттарда бұршақ болуы ықтимал. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Атырау, Батыс Казақстан, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында қатты ыстық болжанады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады


Еліміздің бас қаласы мен он екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
2022 жылғы 10 тамыз 18:18

Еліміздің бас қаласы мен он екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бас қаласы мен бірқатар аймақтарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

11 тамыз күні Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

11 тамызда Ақмола облысының солтүстік, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең солтүстік-батысында және шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстік-батыс, шығысында күндіз солтүстіктен жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

11 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз оңтүстікте, шығыста солтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

11 тамызда Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың солтүстік, шығыс және оңтүстігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Сол күні түнде Павлодар қаласында тұман түсіп, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күн күркірегенде екпіні 18 м/с дейін жетеді.

11 тамызда Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыс, шығыстан соғатын жел екпіні найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді.

11 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде солтүстік бөлігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай жарқылдап, шығысы мен оңтүстігінде бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні күндіз шығыста, оңтүстік бөлігінде15-20 м/с жетеді. Бұл күні Өскеменде найзағай ойнайды.

11 тамызда күндіз Абай ауданының солтүстігінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнап, батысы мен оңтүстігінде бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз батыста, оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді. 11 тамызда Семейде найзағай жарқылдайды.

11 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысында күн 37 градусқа дейін ысиды. Оралда күндіз 36 градус ыстық болады.

11-12 тамызда Атырау облысында күндіз ауаның температурасы 39 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады. Атырау қаласында 11-12 тамызда күндіз 38 градус ыстық сақталады.

11 тамызда күндіз Ақтөбе облысының батысында 36 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтілуде.

11 тамызда күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді.

11 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

11 тамызда Түркістан облысының таулы аймақтарында таңертең және күндіз найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, таңертең және күндіз тау асуларында екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Сәрсенбі күні елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады
2022 жылғы 10 тамыз 01:02

Сәрсенбі күні елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен 10 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Елдің орталығында, солтүстігінде және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел тұрады. Күндіз бұршақ пен дауыл болжанады. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде түнде және таңертең шаңды дауыл болады. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидрометке» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысының басым бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында және Алматы облысында қатты жаңбыр күтіледі.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT