СҚО-да мемлекеттік аудитордың өзі тексерген мекеме есебінен тамақтанғаны анықталды
2022 жылғы 22 маусым 16:50

СҚО-да мемлекеттік аудитордың өзі тексерген мекеме есебінен тамақтанғаны анықталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы тексеріп жатқан субъекті есебінен тамақтанғаны үшін жазаланбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының мәліметінше, Әдеп жөніндегі кеңесте СҚО бойынша Тексеру комиссиясының қаржыны басқаруға және квазимемлекеттік сектор субъектілерін пайдалануға мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы-мемлекеттік аудиторы А.Құрманғалиға қатысты тәртіптік іс қаралды.

Қызметтік тергеу барысында А. Құрманғали іссапарда болған кезінде өзінің тексеруші ретінде лауазымдық өкілеттіктерін пайдаланғаны анықталды. Осылайша тексеріп жатқан жақтың есебінен тегін тамақтанған.

«А.Құрманғалиге тексерудің барлық кезеңіне тәуліктік шығыстар және тұрғын үй жалдау шығыстары төленгеніне қарамастан, ол іссапар қаражатын жұмсамай, демалыс күндері бірнеше рет үйіне барған.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері А. Құрманғалиді өзінің лауазымдық өкілеттіктерін материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты пайдаланып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын бұзғаны үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартуды ұсынды», - дейді Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ергелді Қайыргелді.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT