кеше 16:51 СҚО мәслихатына бір мандатты округтер бойынша 15 депутат сайланды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Аумақтық сайлау комиссиясы бір мандатты округтер бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына өту үшін қай кандидаттардың басым дауыс жинағанын жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
кеше 16:22 СҚО-да мәслихат сайлауына қатысқан партиялар қанша дауыс жинады ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысы шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
24.03.2023 11:40 СҚО-да бірнеше кәсіпорын экологиялық акцияға қатыспақ ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Жер сағаты» дүниежүзілік экологиялық акциясына 10 кәсіпорын-мекеме қатысуға тілек білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.03.2023 10:23 Петропавлда 27 жастағы жігіт екі аптадан бері іздестірілуде ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 27 жастағы Ғизат Бірімжанұлы Ысқақовқа іздеу жарияланды. Ер адам 8 наурыз күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.03.2023 04:00 Тырнақ өсіріп, гельмен бояу зиян ба – санитар дәрігер жауабы ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Маникюр жасағанда қыз-келіншектер тырнақты гель арқылы өсіруге басымдық береді. Ол түсінікті де, әдемі боялған тырнақ ұзаққа сақталады, оны кез-келген сұлулық салонында істетуге болады. Алайда мамандардың пікірінше, гель жабынын жиі қолдану зиян, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.03.2023 15:47 СҚО-да 100 мыңға жуық адамға медициналық сақтандыру жасалмаған ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бүгінде 99 468 адам медициналық сақтандырылмаған. Бұл өңір халқының жалпы санының 18,6%, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.03.2023 14:25 МӘМС аясында кімдер тісін тегін емдете алады ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында кімдерге тіс емдеу процедуралары тегін көрсетіледі? Бұл сұраққа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Солтүстік Қазақстан облыстың филиалының директоры Лариса Гордеева айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.03.2023 11:13 Жусаны аңқыған кең даламды ештеңеге айырбастамаймын - тәжірибелі жылқышы ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қазақы болмысын жоғалтпаған елді мекен санаулы болса, соның бірі – Амандық ауылы. Оның басқалардан ерекшелігі, мұнда өмір қыз-қыз қайнаған, шағын ғана ауыл болғанымен, 11 жылдық мектебі бар. Ал жастары ата кәсіп - жылқы өсіруді қолға алып, ұлттық құндылығымыз – тазы өсіруді, қазақ күресін, өрімшілікті, ұлттық спорт ойындарын дамытып жатыр. Осы істің басы-қасында жүрген ауыл тұрғыны Ілияс Баймағанбетовті ҚазАқпарат тілшісі әңгімеге тартқан еді.
20.03.2023 20:45 СҚО-да жалған мәлімет арқылы 600 млн теңге несие алған кәсіпкер рақымшылыққа ілінді ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бұған дейін жалған құжат арқылы 600 млн теңге несие алып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған кәсіпкерді аппеляциялық сот рақымшылықпен жазадан босатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.03.2023 09:44 Дәрігерлер мерекеде астан уланып қалмаудың жолдарын айтты ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Наурызда келген жаңа жыл молшылықта өтіп, берекелі болуы үшін мол дастархан жайылады. Алайда мұндайда астан улану қаупі арта түседі. Солтүстік Қазақстан облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мерекені ауруханада қарсы алмас үшін қандай сақтық шараларын естен шығармау қажеттігін ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.
19.03.2023 14:01 Петропавлда имам бастаған халық жарапазан айтып, көше аралады ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда орталық мешіттің имамы бастаған бір топ адам көшеде жарапазан айтып, көпшілік орындарға барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 09:31 Петропавлдағы бір сайлау учаскесі жұмысын аяқтады ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының әскери қызметшілері алғашқылардың бірі болып дауыс беруді бастап, сағат 8-ден сәл аса № 655 сайлау учаскесі жұмысын яқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 09:14 Петропавлдықтар бүгін қоғамдық көлікпен тегін жүреді ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бүгін сайлауға байланысты қалаішілік автобустарда жүру тегін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.03.2023 18:49 Бауырсақ-fest: петропавлдықтар Наурыз мейрамында бауырсақ жеуден жарысады ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Наурыз мейрамына орайластырылған бұқаралық тойлау бағдарламасы үш күнге шақталған. Мереке көпқабатты үйлердің аулаларында да ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.03.2023 17:41 Ауыл тұрғыны: Арманым – қымыз өндіруде жаңа технологияларды қолдану ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Бірлік ауылының тұрғыны Қуатбек Ақышев бірнеше жылдан бері жылқы бағып, бие сауып, таза әрі қажырлы еңбегінің нәтижесін көріп отыр. Бір-екі биеден бастаған шаруашылығы бүгінде шағын фермаға айналған. Жеті қазынаның бірі, ер қанаты, мінсең көлік, жесең ет, сүтін ішсең шипалы сусын – жылқы өсіруді кәсіп еткен еңбекқор азаматты ҚазАқпарат тілшісі әңгімеге тартқан еді.
17.03.2023 21:10 СҚО-да 42 елді мекенді су басу қаупі бар ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысында наурыздың үшінші онкүндігінде күн жылынып, қар қарқынды ери бастайтынын болжауда. Өңірде 42 елді мекен су басуы мүмкін қауіпті аймақта орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.03.2023 15:45 Балтамен мектепке келген: СҚО-да оқушыны қарусыздандырған 2 жасөспірім марапатталды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер Петропавлдағы № 4 орта мектептің екі оқушысын марапаттады. Олар сабаққа балта мен пышақ әкеліп, балаларды жарақаттаған 9-сынып оқушысын қарусыздандырған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.03.2023 14:53 Солтүстік Қазақстанда екі фермаға күн панельдері орнатылады ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында екі шаруашылық баламалы энергия көздерін енгізу бойынша республикалық пилоттық жобаға қатысып жатыр. Кейін олардың фермалары басқа кәсіпкерлер тәжірибе алатын алаңға айналмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.03.2023 05:00 СҚО полицейлері оқушыларға жол реттеушісінің белгілерін үйретіп жатыр ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Бала және бағдаршам» акциясы аясында полицейлер оқушыларды жол реттеушісінің қимылдарын түсінуге үйретіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.03.2023 16:57 СҚО-да түнгі уақытқа пәтер жалдаған оқушылардың ата-анасы жазаланды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 12-16 жастағы 13 жасөспірім әке-шешесін алдап, кеш өткізу үшін түнгі уақытқа пәтер жалдамақ болған. Олардың ата-анасына хаттама толтырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.