Талдықорғанда теріс діни ағымды ұстанатын жігіт имамды соққыға жықты
2022 жылғы 1 шілде 20:08

Талдықорғанда теріс діни ағымды ұстанатын жігіт имамды соққыға жықты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда деструктивті діни ағымның жақтаушысы мешітте имамды соққыға жыққан. Ол жеті тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маусым айының басында мешітте діни рәсім кезінде деструктивті ағымды жақтаушылар мен имам арасында жайсыз жағдай болған. Қақтығыс рәсім аяқталғаннан кейін мешіт аумағында жалғасты. Сөзге келіп қалған ерлердің бірі имамға жұдырық ала жүгіріп, дін қызметкерін соққыға жыққан»,- делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, полиция шабуыл жасаған адамды ұстады.

Ол 33 жастағы діни деструктивті ағымды ұстанушы болып шықты.

ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша іс қозғалып (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) сотқа қарау үшін жолданды.

Ер адам соттың шешімімен жеті тәулікке қамауға алынды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT