Тараз қалалық сотының төрағасы 1 млн теңге пара алды деп айыпталды
2022 жылғы 25 мамыр 12:15

Тараз қалалық сотының төрағасы 1 млн теңге пара алды деп айыпталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қалалық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Биылғы 16 мамыр күні Антикоррупциялық қызмет Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаровқа қатысты тергеуді бастады.

Оған азаматтық істе оң шешім қабылдағаны үшін 1 млн теңге сомасында пара алу фактісі бойынша айып тағылған.

Қылмыстық-прецессуалдық кодексінің 201-бабына байланысты өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.


Jańalyqtar

MURAǴAT