Тарифтерді негізсіз өсірген монополистер 5,5 млрд теңгені өтеді
2022 жылғы 12 мамыр 12:01

Тарифтерді негізсіз өсірген монополистер 5,5 млрд теңгені өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тарифтерді негізсіз өсірген монополист компаниялар халыққа 5,5 млрд теңге көлеміндегі залалды өтеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім еткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында агенттік коммуналдық қызметтерге тарифтерді қалыптастыруға әсер ететін негізсіз шығындарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

«16 кәсіпорын мен 2 лауазымды тұлғаға қатысты жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде жылумен, электрмен, сумен және газбен қамту саласы бойынша сотқа дейінгі 21 тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Осы жағдайлардың барлығы бойынша 5,5 млрд теңге залал өтелді және 1,9 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді», - делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT