Tartyl Fest-те жаңа рекорд орнатқан қостанайлық өрт сөндірушілерді жаттықтырады
2022 жылғы 16 тамыз 22:34

Tartyl Fest-те жаңа рекорд орнатқан қостанайлық өрт сөндірушілерді жаттықтырады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Startup Fest фестивалі барысында Қостанай тұрғыны Андрей Антонянц турникте тартылу бойынша жаңа рекорд орнатты. Белгілі болғандай, ол өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жергілікті құраманың жаттықтырушысы болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

51 жастағы Андрей Антонянц - Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің технигі, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әйелдер және ерлер командаларының жаттықтырушысы.

Ол бұған дейін турникке 45 рет тартылып, рекорд жаңартқан еді.

«Мен қысқы көпсайыспен айналысамын, оған турникке тартылу да кіреді. 9 тамызда Қарағандыда көпсайыс бойынша Қазақстан чемпионатында болып, 49 рет тартылдым. Керемет әсер алғанымыз үшін ұйымдастырушыларға үлкен рахмет», - деді Андрей Антонянц.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Tartyl Fest Қостанай облысында қайтыс болған бес жасар қыз Мәдина Ерланқызын бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Қайғылы жағдайға байланысты байқаудың концерттік шоу бағдарламасы мен ойын-сауық бөлімі тоқтатылды. Сондай-ақ іс-шараның хедлайнері, суретші 2Rar жоспарлы қойылымы болған жоқ.


Видеодан алынған кадр/instagram.com/qostanai_tjd


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT