26.05.2023 10:52 Қазақстандық сейсмологтер Тәжікстандағы жер сілкінісін тіркеді АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 26 мамыр күні сағат 8:34-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16.05.2023 17:37 Тәжікстан аумағында жер сілкінді АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен сағат 17:07-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09.05.2023 09:38 Тәжікстанда жер сілкінді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
06.05.2023 10:00 Шетелдік БАҚ-тағы Қазақстан: Тәжікстан президентінің Астанаға сапары және мұнай экспортынан түскен табыстың артуы АСТАНА ҚазАқпарат - Осы аптада шетелдік БАҚ-та Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға сапары, екі елдің одақтастық туралы келісімге қол қоюы, сонымен бірге Қазақстанның мұнай экспортының табысы 50%-ға артуы, Франция Сыртқы сауда министрінің Астанаға сапары туралы мақалалар жарияланды. Толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының шолу мақаласында.
04.05.2023 20:05 Әлихан Смайылов Тәжікстан Президентімен кездесті АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
04.05.2023 19:30 Тарихи сапар және одақтастық декларациясы: Қазақстан мен Тәжікстан басшылары кездесуінің қорытындысы АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға сапары бауырлас екі ел қарым-қатынасы тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі болды. Астанаға кеше келген тәжік көшбасшысын бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, қос президент шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Президенттер саяси, сауда-экономикалық, энергетикалық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық салаларды кеңейтуге көңіл бөліп, қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігінің ауқымды мәселелерін талқыға салды. Сондай-ақ қос елдің қарым-қатынасын одан әрі нығайту мақсатында бірқатар маңызды құжатқа қол қойды.
04.05.2023 18:42 Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салды АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
04.05.2023 17:16 Қазақстан мен Тәжікстан арасында одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларация қабылданды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы Декларация қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
04.05.2023 15:43 Қазақстанды перспективалы мұнай-газ алаңдарын игеруге шақырдық – Эмомали Рахмон АСТАНА. ҚазАқпарат – Тәжікстан Қазақстанды перспективалы мұнай-газ алаңдарын игеруге шақырып отыр. Бұл туралы Президент Эмомали Рахмон Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірлескен мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.05.2023 15:25 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонның БАҚ өкілдері үшін бірлескен баспасөз мәлімдемесі АСТАНА. ҚазАқпарат - Шағын және кеңейтілген құрамда өткен екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
04.05.2023 15:18 Тоқаев Тәжікстанның Аралды құтқару қорындағы төрағалық қызметіне жоғары баға берді АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Тәжікстанның Аралды құтқару қорындағы төрағалық қызметін жоғары бағалайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен бірлескен мәлімдемесінде осындай ұстанымын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.05.2023 15:17 Президент Душанбеде өтетін Орталық Азия елдері басшыларының саммитіне қатысады АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен бірлескен мәлімдемесінде Душанбеде өтетін Орталық Азия елдері басшыларының саммитіне қатысатынын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.05.2023 14:58 Тәжікстан жоғары оқу орындарында Қазақстанмен бірлескен факультеттер ашылуы мүмкін АСТАНА. ҚазАқпарат – Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның мемлекеттік сапары кезінде қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдарын тәжік елінде ашудың келешегі талқыланды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Президенттердің бірлескен мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.05.2023 14:45 Қазақстанның банк секторы Тәжікстан нарығына қызығушылық танытып отыр – Тоқаев АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен бірлескен мәлімдемесінде Қазақстан кейбір цифрлық шешімдер мен ақпараттық жүйелерін Тәжікстанмен бөлісуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.05.2023 14:30 Президент Телерадиокешені мен тәжіктің «Ховар» агенттігі бірлескен медиа-жобалар жасайды АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен Тәжікстан Республикасының «Ховар» ұлттық ақпарат агенттігі арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.05.2023 14:08 Тәжікстан Президентінің Астанаға сапары: Қандай құжаттарға қол қойылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында 9 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
04.05.2023 13:57 Қазақстан Тәжікстаннан жеміс-көкөністі жүйелі түрде импорттауға мүдделі АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 500 млн доллардан асқан. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен бірлескен мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.05.2023 13:48 Эмомали Рахмон Қазақстанның ең жоғары наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапатталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
04.05.2023 13:44 Тоқаев Тәжікстанмен ынтымақтастық жөнінде: Энергетика мен машина жасауда әлеует зор АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен бірлескен мәлімдемесінде қазақ-тәжік қарым-қатынасында энергетика мен машина жасау саласының әлеуеті зор екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.05.2023 13:31 Одақтастық декларациясы қазақ пен тәжік халқының мүдделеріне толық жауап береді - Мемлекет басшысы АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен бірлескен мәлімдемесінде қазақ-тәжік ынтымағының басым міндеттерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.