Терренкурде электросамокатпен жүргендер жазаланбақ - Алматы
2022 жылғы 17 маусым 18:08

Терренкурде электросамокатпен жүргендер жазаланбақ - Алматы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар терренкурде жүретін электросамокат қозғалысына наразы. Олар тыйым салу белгілеріне немқұрай қарайтынын және жазасыз қалып отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Терренкур – қаланың ортақ меншігі. Сондықтан жауапты адамдарға барлық белгілерді қалпына келтіруді тапсырдым. Жылжымалы күзет қызметтерін құрамыз, полиция департаментіне ереженің сақталуын жіті қадағалауды тапсырдым. Аудан әкімі бұл мәселені бақылауда ұстайтын болады», - деді шаһар басшысы.

Өз кезегінде Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов аталған аумақта бүгінгі күні барлық белгілер толығымен қалпына келтіріліп, полиция жасақтары күшейтілгенін айтты.

«Біз күн сайын кем дегенде үш адамды жауапқа тартамыз - бұл электросамокат мінгендер. Негізінде ол жаққа кәмелетке толмаған балалар барады, сондықтан жауапқа олардың ата-аналарын тартамыз», - деді департамент басшысы.

Ерболат Досаев қалада депутаттар мен әкімдік қызметкерлері электросамокат қозғалысын реттеуге қатысты ұсыныс әзірлеп жатқанын айтты.

«Ретке келтіретін уақыты келді. Терренкур аумағында ғана емес, жалпы қала бойынша», - деді ол.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT