19.05.2023 01:48 Балқашта оқушы полицияға мектепте террористер жүргені туралы жалған хабар берген АСТАНА. ҚазАқпарат - Мектеп оқушысы Балқаш полициясына террористер туралы хабарлаған. Хабар жалған болып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17.05.2023 10:23 Бішкек маңында арнайы операция кезінде қарулы террористің көзі жойылды БІШКЕК. Кабар – ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасының Шу облысы Дмитриевка ауылында болған ІІМ мен ҰҚК арнайы операциясы барысында қарулы лаңкес өлтірілді, деп мәлімдеді Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігі. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
13.05.2023 18:33 Терроризм актісі жайлы жалған хабарламаларға қатысты қылмыстар ашылмаған күйі қалып отыр - ІІМ АСТАНА. ҚазАқпарат – 5 жыл ішінде терроризм актілері туралы ішкі істер органдарына түскен жалған хабарламалар саны өсті. «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында осылай жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.05.2023 00:48 Көкшетауда сауда үйіне «бомба қойған» адам іздестіріліп жатыр КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда сауда, ойын-сауық орталығының аумағына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлаған адам іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.05.2023 09:56 Қазақстан мектептерінде терроризмге қарсы жаттығу өтеді АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 мамыр еліміздің барлық мектебінде терроризмге қарсы бағыттағы оқу-жаттығу өтеді. Оған мемлекеттік және жекеменшік мектеп оқушылары, педагогтер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.
02.05.2023 15:43 Халық көп жиналатын жерлерде теракт жасамақ болғандардың жолы кесілді – ҰҚК АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері еліміздегі халық көп жиналатын жерлерде қолдан жасалған жарылғыш затты қолдана отырып, теракт жасамақ болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
29.04.2023 08:00 Бүгін елордадағы «Нұрлы жол» вокзалы маңында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін «Нұрлы жол» вокзалы маңында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді. Бұл туралы елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28.04.2023 03:04 Жылу станциясын «миналаған» Сәтбаев тұрғыны екі жылға сотталды СӘТБАЕВ. ҚазАқпарат – Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында кәсіпорынға мина қойылғаны жөнінде жалған хабар берген тұрғын екі жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
27.04.2023 01:30 Тәжік-ауған шекарасында халықаралық лаңкестік ұйым мүшелерінің көзі жойылды – Тәжікстан СІМ ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат – Тәжікстанның Ауғанстанмен мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған халықаралық лаңкестік ұйым мүшелерінің көзі жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
21.04.2023 11:33 Еліміздің оңтүстігінде шетел азаматы теракт ұйымдастырмақ болған - ҰҚК АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризммен күрес бөлімшелері оңтүстік Қазақстанда шетелдік азамат қолдан жасалған жарылғыш құрылғысын қолдану арқылы жасамақ болған террористік актінің алдын алды.
20.04.2023 16:18 Терроризм актісі туралы хабарлағандарға қанша сыйақы төленеді АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының терроризм актісінің алдын алуға немесе оның жолын кесуге көмектесетін ақпарат ұсынған адамдарға сыйақы беру туралы бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.04.2023 18:25 Сирияда «Ислам мемлекетінің» жоғары шенді командирінің көзі жойылды АММАН. ҚазАқпарат – АҚШ орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Сирияда жүргізілген операция туралы мәлімдеді. Операция нәтижесінде «Ислам мемлекеті» Халықаралық лаңкестік топ қолбасшыларының бірінің көзі жойылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.04.2023 10:45 Тәжікстан азаматы Астанада терроризмді насихаттағаны үшін сотталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының Тәжікстан Республикасының 26 жастағы азаматына қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы күрес орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04.04.2023 20:18 АҚШ әскерлері Сириядағы лаңкестік ұйым басшыларының көзін жойды АММАН. ҚазАқпарат – Америка әскері Еуропадағы лаңкестік әрекеттерді жоспарлауға жауапты Сириядағы «Ислам республикасы» тобының (Қазақстанда тыйым салынған – авт.) жоғары шенді басшыларының көзін жойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі CENTCOM-ға сілтеме жасап.
28.03.2023 17:15 Қазақстан түрмелерінде деструктивті діни ағымдарға қатысы бар 484 адам отыр АСТАНА. ҚазАқпарат – Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев елдегі түзету мекемелерінде деструктивті діни ағымдарға қатысы бар 484 адамның отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.03.2023 15:31 2020 жылдан бері жалған теракт туралы хабарлардың саны 3 есе артқан АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада терроризмге қарсы орталық басшысы – Ұлттық қауіпсіздік комитететінің төрағасы Ермек Сағымбаевтың төрағалық етуімен орталықтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.02.2023 02:25 Діни кітаптарды көрінген жерде сатуға болмайды - полиция КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Діни кітаптарды сауда үйінде рұқсатсыз сатқан ақмолалыққа 120 750 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18.02.2023 23:55 Пәкістандағы террористік шабуылдан жеті адам қаза тапты ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат – Пәкістанның Синд провинциясына қарасты Карачи қаласындағы полиция бөлімінің кеңсесіне террористік шабуыл жасалып, 7 адам қаза тапты.
18.02.2023 00:17 Пәкістанда экстремистер тобы полиция офисін шабуылдап жатыр ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат – Жұмыс күні Пәкістанның Синд провинциясындағы Карачи қаласында полицияның бас офисіне экстремистер шабуыл жасады. Бұл туралы ТАСС агенттігі Geo.tv телеарнасына сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09.02.2023 19:36 Өскеменде мектептен жарылғыш зат табылған жоқ ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында мектептен жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.