Тұңғыш Президент күніне орай Ақмола облысында бірқатар жаңа нысан ашылды
2020 жылғы 1 желтоқсан 19:55

Тұңғыш Президент күніне орай Ақмола облысында бірқатар жаңа нысан ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақмола облысының Целиноград ауданында бірқатар жаңа нысан ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Қажымұқан ауылында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. Аталмыш білім ордасының ашылуы ауылдағы №4 негізгі мектептегі үш ауысымда оқу мәселесін шешеді. Аумағы 5,5 мың шаршы метр екі қабатты ғимарат аудандық білім бөлімінің балансына берілді.

«Жаңа мектеп қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Ғимартта 23 сынып, лингафонды-мультимедиялық сынып, спорт залы, кітапхана, асхана, медициналық бөлме, 2 интерактивті тақта бар», – дейді аудан әкімдігіндегілер.

Бұдан бөлек, Қараөткел ауылында әлеуметтік дүкен ашылды. Ондағы азық – түлік бағасы базардағыдан арзан. Дүкен қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлікті үйлеріне жеткізіп береді. Жеті адам жұмыспен қамтылып отыр.

Сонымен бірге, Қараөткел, Қаражар, Қызылсуат, Шұбар, Қызылжар ауылдарында жаңа streetworkout алаңы ашылды. Ал Ақмол ауылында балалардың ойын алаңы пайдалануға берілді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT