24.03.2023 09:52 Ақтау әуежайы Тегераннан алғашқы чартерлік рейсті қабылдады АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау әуежайы Тегераннан алғашқы чартерлік рейсті қабылдады. Иран әуекомпаниясының ұшағымен Маңғыстау облысына 137 турист келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20.03.2023 10:58 Алматыдан Бакуге тікелей авиарейс қатынай бастады АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы мен Әзербайжан астанасы Баку арасында тікелей әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
18.03.2023 19:23 Наурыздағы онлайн-фестиваль: жүлдегерлер Қазақстанның көрікті жерлеріне саяхаттайды АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрлігі мен TikTok платформасы Наурыз мерекесіне орай онлайн-фестиваль өткізеді. Қосымшаны пайдаланушылар Наурыз2023 хэштегімен ұлттық мереке, оның ерекшеліктері мен әдет-ғұрыптар туралы видеороликтер түсіреді. Бұл туралы ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
15.03.2023 08:55 Қытай үш жылдан кейін алғаш рет туристерге шекарасын қайта ашты БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Сәрсенбіден бастап Қытайдан тыс елдерде аккредиттелген виза беретін органдар шетелдік азаматтарға визаның барлық түрін беруді жалғастырады. Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синхуа агенттігіне сілтеме жасап.
14.03.2023 20:28 Балиде туристерге мотоциклдерді жалға алуға тыйым салынбақ АСТАНА. ҚазАқпарат – Бали аралының билігі елде соңғы кезде жол-көлік оқиғасының жиілеуіне байланысты шетелдік туристердің мотоцикл пайдалануына тыйым салуды ұсынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC сілтеме жасап.
14.03.2023 17:51 Kids go Free: 76 млн теңге болатын әуе билеттері субсидияланған АСТАНА. ҚазАқпарат – Kids go Free бағдарламасы бойынша балалардың ел ішінде тегін ұшуы үшін 76 млн теңгеге әуе билеттері субсидияланды.Бұл туралы ҚазАқпарат Мәдениет министрлігіне сілтеме жасап хабалайды.
14.03.2023 14:50 Тегін саяхаттау мүмкіндігін пайдаланған балалар көбінде Ақтау, Алматы және Түркістанды таңдайды АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылдан бастап Қазақстанда Kids go Free бағдарламасы жұмыс істейді. Осының арқасында балаларға ел ішіндегі әуе рейстермен тегін ұшу мүмкіндігі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11.03.2023 15:08 Қытай 15 наурыздан бастап Қазақстанға шығу турларын қалпына келтіреді БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай 15 наурыздан бастап ұйымдасқан топтардың Қазақстан мен кейбір елдерге туристік сапарларын қайта бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.03.2023 12:21 Египет Қазақстанға тікелей рейстерді іске қосады АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының халықаралық рейстер санын ұлғайту, сондай-ақ «ашық аспан» режимін іске асыру жөніндегі тапсырмасы аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Египеттің авиациялық билік орындарымен бірлесіп «Air Cairo» египеттік әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10.03.2023 17:11 Биатлоннан әлем чемпионатына қатысушылар Көкшенің көрікті жерлерін аралады БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - «Бурабай даму» кәсіпорны Щучинск қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының қатысушыларына арнап ұлттық парктің көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09.03.2023 11:23 БАӘ балалы отбасыларға бірнеше реттік туристік виза режимін енгізді АСТАНА. ҚазАқпарат – Біріккен Араб Әмірліктері 18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларға елге бірнеше рет кіруге мүмкіндік беретін 5 жылдық туристік виза рәсімдеуге рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.03.2023 19:29 Париж Құдай ана соборы келесі жылдың соңында келушілерге есігін ашады АСТАНА. ҚазАқпарат – Париж Құдай ана соборы 2024 жылдың соңында келушілер мен құлшылық етушілерге ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
01.03.2023 16:37 Шетелдіктерден алынатын туристік жарнаны есептеу принципі қайта қаралады - министрлік АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда шетелдік туристерден міндетті жарна — bed tax енгізілді. Өткен жылы ол алынбады, ал 2023 жылдың басында біздің еліміздің 30-дан астам қалалары мен аудандарында 1% - дан 5% - ға дейінгі мөлшерлемелер бекітілді.
01.03.2023 15:05 Bed Tax: Туристік жарнаға белгіленген мөлшерлеме қолданылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Шетелдіктер үшін туристік жарнаның пайыздық мөлшерлемесін белгіленген ставкаға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бұл жайында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.02.2023 20:05 Шетелдіктерге Ыстықкөлден демалыс үйін сатып алуға рұқсат беріледі БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда қолданыстағы заңнамаға шетелдік азаматтар мен компанияларға «Ыстықкөл» биосфералық аймағында орналасқан демалыс үйлері мен пансионаттарға меншік және пайдалану құқығын беруді көздейтін түзетулер қарастырылуда. Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
28.02.2023 11:48 Туризмге инвестиция салған кәсіпкерлердің шығыны ішінара өтеледі АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет туристік объектілерді салған кәсіпкерлердің шығын ішінара өтейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет министрлігіне сілтеме жасап.
28.02.2023 09:39 Жапония 1 наурыздан бастап туристерге қойылған талаптарды алып тастайды ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония 1 наурыздан бастап туристер мен Қытайдан келгендерге қойылған коронавирус талаптарын алып тастамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS-ке сілтеме жасап.
24.02.2023 21:01 Өзбекстан әлемдегі ең қонақжай 25 елдің қатарына кірді ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Passport Index жыл сайынғы рейтингіне сәйкес, Өзбекстан әлемнің ең қонақжай елдерінің топ-25 тізіміне енді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
24.02.2023 18:48 Ресейден Қазақстанға қыдырып келген 45 турист жолда қар құрсауында қалған КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола полицейлері Ресейден келген 45 туристі қарлы трассадан жылыту пунктіне жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.
23.02.2023 15:10 Биыл елімізге Түркия, АҚШ, Ұлыбритания және Германиядан туристер көп келген АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркия, АҚШ, Ұлыбритания және Германия азаматтары қаңтар айының басынан бастап Қазақстанға келген ТОП-10 мемлекет туристері қатарына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.