Түркістандық полицейлер заңсыз 100 келіге жуық балық аулаған браконьерді ұстады
2022 жылғы 25 мамыр 12:13

Түркістандық полицейлер заңсыз 100 келіге жуық балық аулаған браконьерді ұстады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандық полицейлер рейдтік іс-шара жүргізу барысында балық аулап келе жатқан браконьерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Браконьердің «Тойота камри» маркалы көлігін тексеру кезінде, жүк салғышынан 97 сазан, яғни 100 келіге тарта балық айғақ зат ретінде алынған. Полиция қызметкерлері күдіктіні істің мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізді.

«Тергеу барысында анықталғандай, күдікті бұған дейін де балық аулап, мейрамханаларға өткізіп жүрген. Аталған жайтты полицейлер Қылмыстық Кодекстің 335-бабы 1-бөлігі бойынша (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) тіркеуге алып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде», - деп хабарлады құзырлы органнан.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулауға тыйым салынғанын ескертеді. Сондай-ақ Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтіргендер заң аясында жауапқа тартылады.


Jańalyqtar

MURAǴAT