Түркияға кіру үшін енді ПТР тесті қажет емес
2022 жылғы 1 маусым 15:21

Түркияға кіру үшін енді ПТР тесті қажет емес

АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркия билігі елде коронавирусқа қарсы шектеулерге қатысты жаңа жеңілдіктер енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Түркияның Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

1 маусымнан бастап Түркияның барлық шекара бекеттерінде елге кіру үшін ПТР тестінің теріс нәтижесі туралы анықтама талап етілмейді. ПТР бұрын елге кіргенге дейін ең ұзағы 72 сағат бұрын тапсырылуы керек еді. Сонымен қатар, шекарадан өткеннен кейін 48 сағат ішінде антигенге жедел тест тапсыру талабы да жойылды.

Республикада кейінгі екі апта ішінде күн сайын коронавирус жұқтырғандар саны 1 мыңнан кем болды. Осыған байланысты ел билігі карантиндік талаптарды кезең-кезеңімен жұмсартады. Шектеулердің көбі наурыз айында жойылған болатын. Мәселен, сәуірден бастап Түркияда ауруханалардан басқа жерде бетперде кию міндетті емес.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT