ҰБТ-дан шекті балл жинай алмаған талапкер де шартты негізде оқуға түсе алады
2022 жылғы 10 тамыз 18:40

ҰБТ-дан шекті балл жинай алмаған талапкер де шартты негізде оқуға түсе алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҰБТ-дан шекті балл жинай алмаған талапкерлер жоғары оқу орындарына шартты негізде түсе алады. Бұл жайында Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Ержан Әмірбекұлы осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түлектердің кейбірі мемлекеттік білім грантын алу үшін жеткілікті балл жинай алмады. Мұндай түлектер өздері таңдаған жоғары оқу орнына шартты түрде және ақылы негізде қабылданады. Олар бірінші семестрді аяқтағаннан кейін қаңтар айында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Егер одан шекті балл жинаса, онда олар оқуын әрі қарай толыққанды студент мәртебесінде жалғастыра алады», - деп атап өтті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары.

Ержан Әмірбекұлы биыл ҰБТ-да ең жоғары нәтиже көрсеткен екі түлек бар екеніне тоқталды. Олар 138 балл жинаған.

Сондай-ақ, министрлік өкілі 2025 жылға дейін бакалавриат бағыты бойынша білім алатын студенттердің шәкіртақысы жыл сайын 20, ал магистратура мен докторантура үшін 15 пайызға өсетінін айтты.

Бұдан өзге, ведомство өкілі биыл талапкерлер тарапынан техникалық мамандықтарға қызығушылықтың төмен болғанын мәлімдеді.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT