Учаскелік комиссиялар дауыс беруге дайын – Нұрлан Әбдіров
2022 жылғы 3 маусым 13:22

Учаскелік комиссиялар дауыс беруге дайын – Нұрлан Әбдіров

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау учаскелерінің референдум күні дауыс беруге дайындығы туралы есеп берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әріптестеріміздің ақпаратына сәйкес, учаскелік комиссиялар дауыс беру күніне дайын. Бюллетеньдер учаскелерге жеткізілді және олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді», - деп атап өтті ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сонымен қатар ведомство басшысы атап өтикендей, азаматтар есептен шығару куәлігін алып, басқа дауыс беру учаскелеріне әлі де тіркеліп жатыр.

«Әрбір өңірдің, облыстың өз дерегі бар. Дегенмен, ертең кешкі сағат 18.00-ге дейін куәлік алуға болады. Осы референдумға дауыс беру құқығы бар азаматтарымыз дауыс беру үшін учаскелерге жүгініп, есептен шығару куәлігін алып, өздеріне ыңғайлы учаскеде дауыс бере алады. Орталық референдум комиссиясы, еліміздің барлық өкілетті органдары референдум жайында ақпараттандыру үшін бәрін жасады. Сонымен қатар электронды жүйені пайдаланып, тізімнен өзін тексеру мүмкіндігін берді», - деді ОСК төрағасы.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT