Үкімет басшысы апатты жағдайдағы су құбырларын шұғыл жөндеуді тапсырды
2022 жылғы 4 мамыр 11:48

Үкімет басшысы апатты жағдайдағы су құбырларын шұғыл жөндеуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін ауылдарда - 94,7, ал қалаларда - 98,5 пайызға жеткізу қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл соңына дейін халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін ауылдарда - 94,7, ал қалаларда - 98,5 пайызға жеткізу қажет. Осыған байланысты өңір әкімдіктеріне сумен жабдықтаудың кешенді жоспарын тез арада қайта нақтылауды және апатты жағдайдағы су құбырларын шұғыл түрде жөндеуді тапсырамын. Ауыз су мәселесі тұрғындар үшін өте өзекті», - деді Үкімет басшысы.

Сондықтан Әлихан Смайылов әрбір шешім уақытылы қабылданып, нәтижелі болуы керектігін баса айтты.

«Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік саясатты іске асыру барысында Түркістан, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарының әкімдіктері 2023 жылы іздестіру-барлау жұмыстары мен жобалық-сметалық құжаттарды дайындауды аяқтауы қажет. Мұның барлығы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жөніндегі жоспарланған көрсеткіштерді сапалы орындауға мүмкіндік береді», - деді ол.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT