Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру тәртібі жетілдіріледі
2022 жылғы 21 сәуір 13:19

Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру тәртібі жетілдіріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ірі үкіметтік емес ұйымдар ұзақ мерзімге мемлекеттің стратегиялық әріптесі бола алады. Бұл туралы ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мәжілісте қаралуда. Оның аясында біз стратегиялық әріптестікті заңнамалық түрде бекітуді және енгізуді жоспарлап отырмыз. Онда ірі ҮЕҰ ұзақ мерзімді негізде қоғамдық маңызды басымдықтарды жүзеге асыру бойынша мемлекеттің стратегиялық әріптесі бола алады. Бұл тетік ҮЕҰ әлеуетін және тұрақты дамуын айтарлықтай арттырады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар комитет төрағасы гранттық қаржыландыруды жетілдіру жоспарланып отырғанын айтты.

«Ол жұртшылықтың кең қатысуымен гранттық жобаларды қалыптастыру тетігін енгізуді, бағыттар бойынша гранттық жобаларының бюджетін жоспарлауды көздейді. Гранттық тақырыптарды іріктеудің тиісті тетігін қамтамасыз етуге, қаржыландыруды реттеуге және әкімшілендіру процестерін жақсартуға мүмкіндік беретін қаржыландырудың түрлері, мерзімдері, көлемдері бойынша градуирленген гранттарды жүргізуді қарастырамыз», - деді М.Қожахмет.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT