Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жариялау мерзімін өзгертті

2022 жылғы 4 қазан, 10:12
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жариялау мерзімін өзгертті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімді 26 қазанда жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат банкке сілтеме жасап.

«Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жариялау күнін 24 қазанынан 26 қазанға ауыстырды. Бұл өзгеріс «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгерістер енгізуге және көрсетілген кезеңде демалыс күндерінің ауысуына байланысты болып отыр», - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar