Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
2022 жылғы 23 мамыр 16:18

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ерлан Алдажұманов 1966 жылы Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында туған.

Ф.Э. Дзержинский атындағы Жоғары шекара командалық училищесін бітірген (1987). Шекара заставасы бастығының орынбасары, өңірлік басқарма бастығының орынбасары, өңірлік басқарма шекаралық бөлімшелері қолбасшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бас штабы бастығы - директордың бірінші орынбасары лауазымдарында офицерлік қызмет атқарған.

Орден және медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-майор.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT