Ұлттық кітапханада интеллектуалды шырша орнатылды
2016 жылғы 23 желтоқсан 21:25

Ұлттық кітапханада интеллектуалды шырша орнатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында кітаптардан жаңажылдық шырша құрастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл шыршаны құрастыру үшін кітапхана қызметкерлеріне 2000-ға жуық кітап қажет болған. Қорды құрастыру қызметінде жұмыс істейтін кітапханашы Зауре Майшинаның айтуынша, шыршаны жасау үшін жарты күн кеткен.

Бүгінгі таңда ҚР ҰАК - бұл оқырмандарына мәліметтік және түрлі қызмет көрсететін заманауи ақпараттық мекеме болып табылады. Онда электронды каталог, Интернет және қашықтағы дерекқорлар мүмкіндігі, виртуальді анықтама қызметі, құжаттардың электронды жеткізілімі, кітаптар, газеттер мен журналдардың, мультимедиялық басылымдардың бай қоры бар.

ҚР ҰАК қорында бір жарым миллионнан астам дүниелер сақталған. Оның оқу залдары бір уақытта 500-ден астам оқырмандарды сыйдыра алады. «Конституция», «Мәжіліс» және «Сұхбат» залдарында дәрістер, конференциялар, презентациялар, көрмелер мен іскерлік кездесулер өткізуге барлық жағдай жасалынған.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT