Ұлттық қорғаныс университетінде Иранның әскери өнер аудиториясы ашылды
2022 жылғы 20 маусым 15:19

Ұлттық қорғаныс университетінде Иранның әскери өнер аудиториясы ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аудиторияның салтанатты ашылу рәсімі Иран Ислам Республикасы Жоғары Ұлттық қорғаныс университеті делегациясының Ұлттық қорғаныс университетіне сапары аясында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ресми рәсімге Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Самадзаде Сабер Маджид, әскери-дипломатиялық корпустың дуайені полковник Сон Тэгук, Ұлттық қорғаныс университетінің басқарушы және профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Делегацияның сапары барысында жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық, профессор-оқытушылар құрамын, ғылыми қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру, еңбектерді өзара жариялау және басқа да мәселелер талқыланды.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT