Ұлттық құрылтай идеялар ұсынатын алаң болмақ – Ерлан Қарин
2022 жылғы 21 маусым 11:01

Ұлттық құрылтай идеялар ұсынатын алаң болмақ – Ерлан Қарин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық құрылтай қоғамды ұйыстыру жолында идеялар ұсынатын диалог алаңы болмақ. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин youtube каналында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық құрылтай қоғамды одан әрі ұйыстыру жолында идеялар ұсынуға және оны жүзеге асыруға бағытталған диалог алаңы болмақ. Оның құрамында 117 адам бар. Құрылтайға парламент депутаттары, саяси партиялардың, қоғамдық кеңестердің, кәсіпкерлер, білім, медицина, мәдениет, адам құқықтарын қорғау саласының өкілдері мен белсенді жастар мүше болды. Ұлттық құрылтайдың басты ерекшелігі – оған әр өңірдегі қоғамдық кеңестерден бір өкіл мүше болып кірді. Осылайша аталған диалог алаңы барлық қоғамдық кеңестердің түйіні болып отыр», - деді Мемлекеттік кеңесші.

Еске сала кетейік, Ұлытауда өткен құрылтайдың алғашқы отырысында Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда халықтың үні шын мәнінде естілуі тиіс деген еді.



Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT