Ұлттық жобамен салынатын нысандарға шығын лимитін бекіту ұсынылды
2022 жылғы 20 маусым 10:54

Ұлттық жобамен салынатын нысандарға шығын лимитін бекіту ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Ұлттық жобалар аясында салынатын нысандардың әр шаршы метріне шығын лимитін бекітуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзгеруімен есте қалды – мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көштік. Былтырғы күзден бастап Үкімет 10 Ұлттық жобаны іске асыруға кірісті. Оның бәрінде бюджеттік қаржыландыруға басымдық берілген болатын. Өкінішке қарай, ол жоспар орындалмады. Жобалардың 43 пайызы жеткілікті қаржыландырылған жоқ. Ал ең негізгі мәселелерді тиімді шешу үшін толық көлемде қаржыландыру қажет. Сондықтан Ұлттық жобаларды түзетіп, қаржылық мүмкіндіктерге сәйкестендіру керек. Білуімізше, Үкімет бұл жұмысты бастап та кетті», - деді Наталья Годунова Парламенттің бірлескен отырысында.

Сонда-ақ ол Ұлттық жобалардың игілігін халыққа қалай жылдам жеткізуге болатынын атады.

«Ұлттық жобалар іске асуы мүмкіндігінше қысқа мерзімге межеленуі керек. Сонда ғана онда қарастырылған шаралар бизнес пен халыққа жылдам жетеді. Типтік шешімдерден бөлек, бүкіл ел аумағында аймақтарға байланысты әлеуметтік және әкімшілік нысандардың 1 шаршы метрін салуға кететін шығынның лимитін бекіту қажет. Бұл бөлінген ақшаға көбірек нысан салуға мүмкіндік береді», - деді Есеп комитетітің басшысы.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT