Ұлыбританияда бензин бағасы шарықтап кетті
2022 жылғы 16 маусым 12:36

Ұлыбританияда бензин бағасы шарықтап кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британдық RAC автомобиль ұйымының мәліметінше, кейінгі бір айда бензин бағасы жаңа рекордтық жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі BBC News-ке сілтеме жасап.

Ресей мұнайына тәуелділікті азайту шаралары жанар-жағар май бағасының өсуіне, соның салдарынан басқа да тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына ықпал еткен.

Қазіргі кезде бензиннің орташа бағасы – литріне 186,59 пенс, ал дизель отынының бағасы – 192,48 пенс, яғни мамыр айының аяғынан бері 7,4% және 5% өскен.

RAC өкілі Саймон Уильямс қазір отбасылық көлік багын бензинмен толтыру шамамен 103 фунт стерлинг, ал дизель отынына 106 фунт стерлингке түсетінін айтты. Бұл - бұрынғыдан 7-11 фунт стерлингке артық.

RAC ел үкіметін жанар-жағар май салығын азайтуға үндеді.

Ұлыбритания үкіметі отын, электр энергиясы мен азық-түлік бағасының шарықтап кетуіне байланысты халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесу үшін 37 млрд фунт стерлинг көлемінде көмек пакетін дайындады.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT