Жалал-Абад Қырғызстанның екінші экономикалық орталығына айналмақ
2022 жылғы 30 маусым 10:59

Жалал-Абад Қырғызстанның екінші экономикалық орталығына айналмақ

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Жалал-Абад Қырғыз Республикасының астанасынан кейінгі екінші экономикалық тірек нүктесі болады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы Ақылбек Жапаров Жогорку Кенеш отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер Еуропаға терезе жабылса, біз Азияға қақпаны ашуға дайынбыз. Қырғызстан – Еуропа, Қытай және Ислам өркениеті тоғысқан жерде орналасқан мемлекет. Біз Батыс өркениетінің күшті тартымдылығын ұмытпауымыз керек, ол бізді ұзақ уақыт бойы молшылық, заң және тәртіпке үндеп отыр. Біз өз саясатымызды ұлттық мүддеге негіздейтін боламыз», - деді министрлер кабинетінің басшысы.

А.Жапаровтың айтуынша, елдің солтүстігі ұзақ уақыт бойы дамып келеді, Қырғызстанның барлық сауда жолдары Ресейге Қазақстан арқылы өтеді. Электр энергиясын өндірудің үштен екісі Жалал-Абад облысында жүзеге асуына байланысты Жалал-Абадта екінші экономикалық орталық салу шешімі қабылданды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT