Жамбыл облысы дін істері басқармасына жаңа басшы келді
2022 жылғы 8 маусым 21:01

Жамбыл облысы дін істері басқармасына жаңа басшы келді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Сәкен Мыңбаев Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, Сәкен Сәрсенбайұлы 1985 жылы Тараз қаласында туған.

2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Астана қаласының Кәсіподақтар кеңесінде маман болып бастаған.

Әр жылдары Астана қаласы әділет департаменті дін істері бөлімінің бас маманы, ҚР Әділет министрлігінің Дін істері комитетінің сараптама және тіркеу басқармасының сарапшысы, Астана қаласы әділет департаменті дін істері бөлімінің бастығы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының офицерлік және басшылық лауазымдарында қызмет атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT