Жапония астанасына «Меари» тайфуны соғуы мүмкін
2022 жылғы 13 тамыз 09:58

Жапония астанасына «Меари» тайфуны соғуы мүмкін

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - «Меари» тайфуны Жапонияның Токиоға жақын маңдағы Тынық мұхитына жағалауына соғуы ықтимал. Бұл туралы ұлттық метеорологиялық агенттігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodonews агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық метеорологиялық басқарма мәліметтері бойынша, «Меари» тайфуны салдарынан Жапонияның орталық аудандарына 300 мл жауын жаууы мүмкін. Соның салдарынан көшкін жүріп, су тасқыны болуы ықтимал.

Синоптиктердің мәліметінше, тайфун Жапония жағалауларына жақындаған сайын жылдамдығы секундына 30 метр болатын күшті жел тұрып, соның салдарынан теңіз толқуы мүмкін.

Тайфун сағатына 15 км жылдамдықпен жылжып келеді, оның эпицентріндегі жылдамдық секундына 25-метрді құрайды.

Жайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты елдің ең ірі жүк тасымалдаушыларының бірі тайфун өтуі ықтимал аймақтан кемінде 10 рейсті тоқтатқан. Сондай-ақ паром жұмысы тоқтатылып, теміржол көліктерінің жұмыс кестесінде өзгеріс болып, кейбірі кідіруі мүмкін.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT