Жер заңнамасын бұзғандарға 219 млн теңге айыппұл салынды
2022 жылғы 25 мамыр 13:47

Жер заңнамасын бұзғандарға 219 млн теңге айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы жер заңнамасын бұзғандарға 219 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылы республика бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органдар жер заңнамасының сақталуы тұрғысынан 2 406 тексеру жүргізді. Жүргізілген тексерулер барысында 1 111 заң бұзушылық анықталды, 1 072 жағдайда жер заңнамасын бұзушыларға жалпы сомасы 219 млн теңгеге айыппұл салынды», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2021 жылы анықталған бұзушылықтардың 65,7 пайызы жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзуға, 1,9 пайызы арнайы белгілерді жоюға, 8,6 пайызы жерді бүлдіруге, 5,3 пайызы жер учаскелерін беру туралы өтініштерді қараудың белгіленген мерзімдерін бұзуға, 18,5 пайызы ауыл шаруашылығы жерлерін тиімсіз пайдалануға немесе пайдаланбауға, жерлерді нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбауға қатысты болды.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT