Жетісу облысында екі көпірді су шайып кетті
2022 жылғы 16 маусым 09:36

Жетісу облысында екі көпірді су шайып кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында қалың нөсер салдарынан өзен арнасынан тасып, жаңадан салынып жатқан жолдың екі көпірін шайып кетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15 маусым күні жауын-шашынның көп түсуіне байланысты облыстық маңызы бар жол, Сарыөзек-Көктал, Шанханай ауылына кіреберіс жолдағы екі құбырлы көпірді шайып кетті. Қазіргі уақытта жол жабылды. Айналма жол бар», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өзен суы екі құбыр тәрізді көпірді шайып, жол бойында орналасқан төрт үйдің ауласына кірген.

Зардап шекккендер жоқ. Төтенше жағдай департаментінен 7 адам және 1 техника, жергілікті атқарушы билік тарапынан оқиға салдарын жоюға кірісті.

Кербұлақ ауданы әкімдігінің мәліметінше айналма жол бар. Қозғалыс қалпына келтірілді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT