Жолдауда қоғам талабы ескерілген - Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі
2022 жылғы 26 наурыз 10:53

Жолдауда қоғам талабы ескерілген - Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Ербол Төлегенов Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған саяси реформалар мен жүктелген міндеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президенттің бұл жолғы Жолдауы саяси реформаларға арналған. Меніңше, алға қойылған міндет анық, енді соны жүзеге асыру керек. Осы тұста айтып өтетін бір жайт, жолдауда мәселе нақты айтылады, ал іс жүзінде соның шамамен 30 пайызы орындалады. Сондықтан осы Жолдаудың жүзеге асу деңгейі жоғары болады деп үміттенемін. Менің ортамдағы жандардың дені Президент бастамаларын қолдайды. Қоғам талабын қойса, Президент оған жауап беріп отыр. Яғни жаңа Жолдауда қоғам талабы ескерілген. Әрине, адамдардың талабы мен өтініші күн сайын өсіп жатыр, оның орындалу реті болу керек», - деді Ербол Төлегенов.

Сондай-ақ, жас маман Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен Конституциялық сот құруға қатысты ойын ортаға салды.

«Жолдаудан түртіп алған тағы бір сәт, суперпрезиденттік мемлекеттен мықты Парламент және жауап беретін Үкіметі бар елге көшетініміз. Одан бөлек, елімізде Конституциялық соттың құрылатыны оң шешім. Демократиялық қоғамда конституциялық соттың болуы қалыпты жағдай. Конституцияға енгізу керек өзгерісті де қоғамның талқысына салған жөн», - дейді ол.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT