Жыл басынан бері Қазақстанға 800 мыңға тарта өзбекстандық турист келген

2022 жылғы 7 қазан, 01:38
Жыл басынан бері Қазақстанға 800 мыңға тарта өзбекстандық турист келген

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан өзбекстандықтар үшін ең танымал екінші туристік бағытқа айналды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Өзбекстан мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 1 қазандағы көрсеткіш бойынша биыл 3,9 миллион өзбек туристік мақсатпен шетелге шыққан.

Өзбекстан азаматтары көбіне көрші елдерге барады. Олардың ең көп баратыны Қырғызстан, онда 1877 мың өзбек барған.

Туристердің қызығушылығын арттырған екінші бағыт Қазақстан болды. Жыл басынан бері елімізге Өзбекстанның 774,1 мың азаматы келген.

Үшінші орында Тәжікстан. 535,1 мың өзбекстандық турист Тәжікстанды таңдаған.

Төртінші және бесінші қатарда Түркия мен Ресей тұр. Бұл елдерге тиісінше 239,1 мың және 195,7 мың өзбекстандық турист келген.

Бұған дейін ағымдағы жылдың 8 айында Өзбекстанға 900 мыңнан астам қазақстандық турист барғанын хабарлаған болатынбыз.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar